Вакансия!!! Конкурс!!!
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығына сәйкес Білім және ғылым министрлігі Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№35 Х.Ерғалиев атындағы мектеп-гимназия» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос лауазым орындарына конкурс жариялайды.
Конкурс төмендегі лауазымдар бойынша өтетін болады:
- Математика пәнінің мұғалімі – 4 бірлік (тұрақты)
- Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 4 бірлік (2 тұрақты, 2 уақытша декреттегі маманның орнына)
- Физика пәнінің мұғалімі - 1 бірлік (уақытша декреттегі маманның орнына)
- Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – 2 бірлік (уақытша декреттегі мұғалімнің орнына)
- География пәнінің мұғалімі – 1 бірлік (уақытша декреттегі маманның орнына)
- Тарих пәнінің мұғалімі – 4 бірлік (уақытша декреттегі маманның орнына)
- Бастауыш сынып мұғалімі – 1 бірлік (уақытша декреттегі маманның орнына)
- Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі – 1 бірлік (уақытша декреттегі маманның орнына)
- Көркемдік жетекші -1 бірлік (тұрақты)
- Директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары – 1 бірлік (уақытша декреттегі маманның орнына)
- Менеджер – 1 бірлік (тұрақты)
- Дефектолог -1 бірлік (тұрақты)
- Тәлімгер - 1 бірлік (тұрақты)
- Хатшы - 1 бірлік (тұрақты)
- Техникалық қызметкер (еден жуушы) – 4 бірлік (тұрақты)
- Аула сыпырушы – 1 бірлік (тұрақты)
Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер хабарландыруда көрсетілген құжаттар тізбесін жолдайды:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш
- Жеке басын куаландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат(идентификация үшін)
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген - бар болса)
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі(бар болса)
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтик құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізімінде №21579 болып тіркелген)
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама
- Наркологиялық анықтама
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (Бұдан әрі ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік(болған жағдайда)
- Педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы
Құжаттарды қабылдау уақыты: 19.08-26.08.2022 ж.
Мекен жайы: Атырау қаласы, Өркен ықшам ауданы, С.Шөреев 90А
Телефон: 8(7122)23-56-41, Электронды почта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.