Білім беру мекемесінің толық атауы: «№35 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі.
Мекен-жайы: Атырау облысы, Атырау қаласы, Жұмыскер кенті, Өркен ықшам ауданы, Сатан Шөреев көшесі, 90А
№35 мектеп-гимназия директоры: Каришева Айгуль Кожекбаевна
Атырау қаласы Жұмыскер селосында орналасқан жалпы қуаты 624 орындық №35 мектеп-гимназиясы 2010 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді. Мектеп директоры Каришева Айгуль Кожекбаевна. Мамандығы «қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі», жоғары санатты, еңбек өтілі -24 жыл, басшылық қызметте -10 жыл.
Мектеп-гимназияда қызмет ететін педагогикалық кадрлардың саны – 120;
Жоғары санат – 17, І санат – 29, ІІ санат – 32.
Қазіргі уақытта мектепте жинақталған 62 сынып комплектісінде 1478 оқушы білім алуда. Мектеп жанынан мектепке дейінгі шағын орталық және мектепалды даярлық сыныптары жұмыс жасайды, онда 182 бала тәрбиеленеді. Оқу-тәрбие үрдісі қазақ тілінде жүргізіледі. Барлық оқу бөлмелері заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Оның ішінде 2 мультимедиялық кабинет, 9 интеракьтивті тақтамен жұмыс жасайды. Сонымен бірге мектеп ғимаратында 360 орындық акт залы, 220 орынға арналған асхана, 2 спорт зал және тир бөлмесі бар.