№35 мектеп-гимназиясының тарихы
Білім беру мекемесінің толық атауы: Қалалық білім бөліміне қарасты «№35 Хамит Ерғалиев атындағы мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі.
Мектеп түрі: Жалпы орта білім беретін мектеп
Мекен-жайы: Атырау облысы, Атырау қаласы, Жұмыскер кенті, Өркен тұрғын үй алабы, Сатан Шөреев көше бұрышы, 90 А құрылыс
№35 мектеп-гимназия директоры: Кәрім Болған Шәриполлақызы
№35 Х. Ерғалиев атындағы мектеп-гимназия мемлекеттік мекемесі 14.09.2010 жылы Атырау қалалық әкімдігінің №977 қаулысымен және Атырау қалалық білім бөлімінің 15.09.2010 жылғы №474 бұйрығымен құрылып, пайдалануға берілді. 2010-2014 жылдың аралығында мектеп директоры болып Абдолов Алмабек Дүйсенбайұлы басшылық қызмет жасады. 2015-2019 жылдың қыркүйек айына дейін Каришева Айгуль Кожекбаевна басшылық жасаса, 2019 жылдың 2 қыркүйегінен 2019 жылдың 31 желтоқсанға дейін директордың міндетін атқарушы болып Кәрім Болған Шәриполлақызына уақытша жүктеліп, 2019 жылдың 26 желтоқсаннан бастап Кәрім Болған Шәриполлақызы тағайындалды.
2019-2020 оқу жылында мектепте жинақталған 54 сынып комплексінде 1320 бала білім алуда. Мектеп жанынан мектепте дейінгі шағын орталық жұмыс жасайды, онда 26 бала тәрбиеленеді. Оқу-тәрбие үрдісі қазақ тілінде жүргізіледі. Барлық оқу бөлмелері заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған.
Кабинеттер саны: 23
Интерактивті тақталар саны: 22
Компьютер сыныбы: 2
Барлық компьютер саны: 105
Лингафон кабинеті: 1
IT сынып: 1
Мультимедия кабинеті: 1
Зертханалар : 4
(химия, физика, информатика,биология)
Толық жабдықталған кабинет:12
Шеберхана: 3
Спорт зал: 2
Кітапхана: 1
Тир: 1
Ондағы оқулықтар қоры: 37000
Мектеп кең жолақты интернет желісімен жабдықталған
Сонымен бірге мектеп ғимаратында 360 орындық акт залы, 220 орынға арналған асхана бар.
Өткеннің болашағы бүгінгі күн, бүгінгі күннің болашағы өскелең ұрпақ, ұрпақтың болашағы-ұстаздардың қолында. №35 Х. Ерғалиев атындағы мектеп-гимназияда 100 педагог қызмет атқарады. Білімді жастар-біздің болашағымыздың баға жетпес-байлығы. Мектебімізде оқушыларға терең де, тиянақты білім беріп, өз сабақтарында түрлі иновациялық әдіс тәсілдерді пайдаланып, жемісті еңбегінің арқасында, жеңіс тұғырына жетіп жүрген мұғалімдер де баршылық. Олардың оқушылары облыс, республика көлеміндегі олимпиада, ғылыми жобаларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жур.
№35 Х. Ерғалиев атындағы
мектеп-гимназия директоры: Б. Ш. Кәрім
https://atyrau-sh35.edu.kz/mektep-turaly-mektep-35/mektep-tarih-mektep-35.html#sigFreeId04cd03d389