01 Сәу 2022
Хабарландыру

Хабарландыру 1 сынып

№35 Х.Ерғалиеав атындағы мектеп-гимназиясы бойынша 1-сыныпқа құжаттар қабылдау 1 сәуірден - 1 тамыз аралығында жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы №264 бұйрығына сәйкес «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы.

1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балаларда бірінші сыныпқа бара алады.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және Egov.kz порталы арқылы көрсетіледі.

Қажетті құжаттар тізбесі:

Ата-ананың өтініші (электронды түрде қабылданады);

Жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі),

Баланың туу туралы куәлігі;

Бала денсаулығы паспорты 026/у-3 және 063 у-нысандары бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

2 дана 3х4 сантиметр өлшемдегі фотосуреті.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін заңды өкілдерінің келісімі болған жағдайда педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы қосымша беріледі.

Шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:

1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

2) азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі;

3) босқын – босқын куәлігі;

4) пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;

5) оралман – оралман куәлігі.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігі, мекенжай анықтамасы туралы мәліметтерді "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушының порталы арқылы жүгінген кезде "жеке кабинетіне" ЭЦҚ-мен расталған электронды құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұратудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жолданады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.