Астана қаласының Білім басқармасы Қалалық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып 2017 жылғы 12 желтоқсанда «Marriott Astana» қонақүй кешені базасында экономиканың жаңа моделі аясында білікті кадрлар даярлаужайыныда серіктестермен ашық пікір алмасу мақсатында дөңгелек үстел өткізді.
Аталған дөңгелек үстелде кадрлар даярлаудың басым бағыттары, соның ішінде басым болып отырған дуалды оқыту жүйесін енгізу және жетілдіру,модульдік бағдарламаларды әзірлеу, әріптестікті дамыту мәселелерін талқылау сұрақтары қарастырылды.
Іс-шара Астана қаласының әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының, Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының, Сертификаттау орталығының, Елордалық колледждер қауымдастығының, Астана қаласы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, колледждердің әлеуметтік әріптестерінің қатысуымен өтті.
Шара барысында колледж директорлары еңбек нарығына кадрлар даярлау бойынша бизнес-серіктестерімен туризм және қоғамдық тамақтандыру, сондай-ақ кәсіптік білім беру саласында әлеуметтік серіктестермен меморандумға
Астана қаласы Білім басқармасының бастығы Ануар Жангозиннің баяндамасының негізгі тіркестері.Құрметті әріптестер, Біздің басты мақсатымыз – қала экономикасын дамытуға басымдық беретін мамандықтар бойынша оқытуды ұйымдастыру.
Қаламыздың даму стратегиясының қадамдарының бірі – дуалды оқыту жүйесін 100 пайыз көрсеткішпен колледждерге енгізу. Сондықтан бүгінгі пікір алмасу барысында колледждерге мамандық даярлаудағы қойылатын заманауи талаптар мен әріптестік шеңберін кеңейту, колледждерді дамыту және жетілдіру бойынша мәселелерді талқылауды ұсынамын.
Дуалды оқыту жүйесін енгізу уақыттың талабы болып табылады. Қосарлы жүйенің сөзсіз артықшылығы өндірістегі оқытумен тығыз байланысты. Әлі күнге дейін оқитын оқушылар өздерінің мамандығын іс жүзінде және өндірісте егжей-тегжейлі игеру мүмкіндігіне ие.
Дуалды оқыту шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде болған өзгерістер туралы қысқаша тоқталғым келеді:
– бұл жобаға сәйкес жастар бүгінгі таңда алғашқы жұмыс мамандығын тегін меңгеруге мүмкіндік алып отыр. Жобаның сәтті жүзеге асуы еліміздегі жаңа салаларға қажетті мамандарды дайындауға қосымша серпін берітініне сенімдімін. Көбіне олар: құрылыс, темір жол, қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету, коммуналдық шаруашылық және электрмен жабдықтау саласындағы мамандықтар.
– практикадан және өндірістік оқытудан сапалы ддеңгейде өту үшін, кәсіпорындар мен компаниялар жұмыс істейтін студенттік орындарды ұйымдастырады. Мысалы, «Қазпочта» АҚ – компьютерлік жабдықталған 25 орын (Кольвир сынақ бағдарламасы)
– ынталандырушы себептердің бірі өндірістік тәжірибе болып табылады, сондықтан 2016-2017 оқу жылында 1000 колледждің студенттері ақылы өндірістік тәжірибені аяқтады (орташа жалақы 50 000 теңгеден 90 000 теңгеге дейін).
– 2016-2017 оқу жылында 8150 студент өндірістік орындарда практикалық білім алды
Бүгінгі таңда ынтымақтастық аясында 1500-ден астам компаниямен келісімдерге қол қойылды.
Өзекті мәселелердің бірі колледж түлектерін жұмысқа орналастыру болып табылады.
Бүгінгі таңда қалалық колледждерді 6 423 түлек бітіріп отыр, оның ішінде 4 657 адам жұмысқа орналастырылды немесе 72,5%; Былтыр осыған ұқсас динамика байқалған болатын.
Соңғы мәліметтер бойынша жыл соңында біздің студенттердің 90 пайызы жұмысқа орналасады. Бұл біз үшін жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Тек дуалды оқыту бойынша қаламыздың мыңға жуық студенті қамтылған. Осы бағытта жұмыс жалғасып жатыр.
Еңбек нарығының қажеттілігін талдауы бойынша (Жұмыспен қамту, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметтері бойынша) персоналдың жетіспеушілігі өнеркәсіп, байланыс және қызмет көрсету, медицина және білім салаларында байқалады.
Біз IT саласындағы мамандарға, соның ішінде қосымша деректерді сараптау, киберқауіпсіздік, құрылыс және дизайндағы BIM-технологиясына, салаларында үлкен сұранысты күтіп отырмыз. Осыған байланысты біз қазір 4 колледжде CISCO желілік академиясын іске қосып отырмыз, бұл осы салада халықаралық сертификаттарды алу мүмкіндігі бар мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
Калалық колледждерде көлік және көлік инфрақұрылымына қызмет көрсету саласын, сондай-ақ Энергоменеджментті қамтитын алты жаңа мамандық ашылды.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде «Колледждегі инклюзивті білім беру» жобасы іске асырылуда. Қазіргі уақытта білім беру мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі 100-ден астам бала тәрбиеленуде. (мамандықтар – «Сылақшы-суретші», «Дизайн», «Ақпараттық жүйелер», «Киім өндіру және киім үлгілеу», «Шаштараз және сәндік косметика», «Массаж»).
Аталған жобаны табысты жүзеге асыру арқылы жастардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың да еңбек дағдыларын алу мүмкіндіктері кеңейеді. Бірлесе отырып, біз білім беру және тәжірибелік тапсырмаларды дамытуға қатысатын мамандарды даярлаудың қосарлы жүйесін енгізуді және техникалық және кәсіптік білім беру имиджін көтеру мүмкіндігін тиімді қарастырамыз.
Жоғарыдағы айтқанымды нақтылай келе, балалардың бірінші жұмысшы мамандығын тегін алу арқылы олардың белгілі бір кәсіпті меңгеріп, өз бетінше табыс табу мақсатында жасалған мемлекеттік кепілдік болып табылады.